Курстық жұмыс: Банк ісі | Қолма-қолсыз ақшамен есеп Есеп айырысу операциялары

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қолма-қолсыз ақшамен есеп Есеп айырысу операциялары

Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі 5
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 5
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 7
1.3 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі 10
2-тарау. Есеп айырысу операциялары 13
2.1 Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі 13
2.2 Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі 15
2.3 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу есебі 16
2.4 Чектермен есеп айырысу есебі 16
2.5 Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі 18
2.6 Вексельдермен операциялар есебі 20
2.7 Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі 23
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан материалдың бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді.
Колма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны болып табылады. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдың жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек өткен жүйедегі қағида ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттың Банк Басқармасы бекіткен «Қазақстан Республикасының банктерін деп клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы ретінде «Қолма-қолсыз есеп айырысудың есебін» алған себебім, кез-келген шаруашылық операциаларға төленетін төлемнің көлемі үлкен болса, банк шотындағы қаражаттармен өтеледі. Банктен несие алынады;бюджетке аударылатын салықтар төленеді;депозиттік қорларға қаражаттар салынады;үлкен корпорация қызметкерлеріне жалақы төлеу де банк арқылы жүзеге асады.Жалпы өмірде жүзеге асатын қызметтердің төлемі банктегі шот арқылы жүзеге асырылады.
Мен курстық жұмыс жазу барысында:
1)Қазақыстан Республикасының заңын;
2)№6 Бухгалтерлік Есеп Стандарттарын;
3)№16 Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандартын
4)”Қазақыстан Республикасының Ұлттық банкі және банктері туралы“ Заңын қолдандым.
1-тарау. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады. Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда,
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде,
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда,
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиісті.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерше толық сәйкес келген болатын.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
• төлеу орны — банқ, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
• төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;
• төлеушінің келісімі — төлеудің негізіне жатады;
• төлеу көзі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірншіі қағидасы — барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы — шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық иіарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нүсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асырады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстың төлем түрінде;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
• сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін — қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздың міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің, қамтамасыз етілу қағидасы — бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді.
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демеқ қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары — бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем түралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
Валюталық шотта жүргізілетін бухгалтерлік өткізбелердің кейбіріне назар аударалық:
Кесте 1
№ Шаруашылық операциялар мазмұны Сомма Шоттар корреспонденциясы
Дт Кт
1 Валюталық шоттан банк несиесі төленді 250000 3010 1050
2 Валюталық шотқа тоқыма фирмасының кассасынан ақша аударылды 50200 1050 1010
3 Валюталық шоттан тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін шетелдік жабдықтаушыларға төлемдер төленді 105800 3310 1050
4 Валюталық шотқа шетел валютасымен банк несиесі кірістелді 50000 1050 3010/2
5 Валюталық шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салым ретінде шетел валютасы қабылданды 185000 1050 5020
6 Валюталық шотқа тауарлар үшін сатып алушылардан төлемдер түсті 80000 1050 1210/2
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
Казақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 = ( 4000 X 872 ) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
• төлем тапсырмасы:
• төлем талабы-тапсырмасы;
• инкассалық үкім;
• чекпен есеп айырысу;
• вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР
Ұлттың банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы
Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.
1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы
1 — тауарды (қызметті) жабдықтау, 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру, 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу, 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем — бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-сурет), тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-сурет), немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы. Оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады
2-сурет Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар, қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1 — алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт жасау, 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру, 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу, 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау 5— тауарды (қызметті) жабдықтау
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп, төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3-сурет)
3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы.
1 — тауарды жабдықтау (қызмет көрсету), 2 — төлем талап-тапсырма-сын аударушының банкіне жіберу, 3 — есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі, 4 — төлеуге келісім берген есеп айырысу құжат-тары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегерімдері 5— бенефициардың банкіне каражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады, 6 — бенефициардың шотына қаражатты хабарлайды.
Инкассалық өкім — лизинг актілерде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс
Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісім шарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқығы беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса, аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.
1.3 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі
Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды.
Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.
Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі нұсқасы бар:
I нұсқасы — орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің бір-бірімен корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі;
II нұсқасы — орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.
Корреспонденттік шот — бұл коммерциялық банктерге өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.
Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның клиенттерінің несиелік есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:
• банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;
• банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қолма-қолсыз ақшамен есеп Есеп айырысу операциялары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]