Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Мазмұны
Кіріспе 5-6 бет
І Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
1.1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері 7-14 бет
1.2 Еңбек нарығының мәселелері 13-16 бет
ІІ ҚР-дағы еңбек биржасы мен жұмыспен қамту мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасы мен жұмыспен қамтуды талдау 17-22 бет.
2.2 ҚР-дағы еңбек нарығының қалыптасуы және даму ерекшеліктері 22-28 бет
Қорытынды 29-30 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 31-32 бет
Қосымшалар 33-36 бет

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар екендігі.
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қыруарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротыққа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздық мөлшері асып немесе кеміп кетсе, нарықтық экономикаға залалын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыссыз қалу қаупі - әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.
Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екендігіне күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп, тіпті, оның зейнетке шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шығаруда көптеген жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса да өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте (мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босау процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни еңбекке жолдау нақты түрде жүзеге асырлатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми техникалық прогресті тежейтін формаларды жоюға жол ашады.
І Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
1.1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері
Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формасының ерекшелігі мыналардан тұрады:
1. Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу обьектісі болып шықпайды.
2. Жалдау формасындағы сату.
3. Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.)
4. Тұтас еңбектік бөлігі (элеуметтік формада) тұрақты өтімді таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс – жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Жұмыссыздық негізгі себептері:
Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.
Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері) бар:
1. Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз
болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді. Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті қажеттілікпен қозғалысына байланысты.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.
Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бөлігі өндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түріде шарасыз, сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және құрылымдық түрлері болса, онда жұмыссыздық жоқ деп есептелінеді.
3. Технологиялық жұмыссыздық – ғылыми – техникалық прогресспен байланыты (ҒТП). ҒТП – жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс орындары босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП – тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет жасау үшін жұмыс жасау күшін тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды қарастыру қажет.
4. Циклдық жұмыссыздық – экономикалық дағдарыста өндірістің төмен құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі жалпы тұтынушы және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып, жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты, оны сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты жұмыссыздық деп те атайды.
5. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық – белгілі бір уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.
6. Аймақтық жұмыссыздық – жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, әлеуметтік – психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Мысалы, көмір өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді. (Сурет 1,Сурет2)
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:
• Ғылыми – техникалық прогресс;
• Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
• Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.
Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:
1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)
2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте үлкен бейімділік танытуға.
3. Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінділігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек).
Жұмыссыздық түрлері
Жұмыссыздық
Мәжбүрлі
Еркімен
Фракциондық
(кәсіпті, мекен жайды және т.б. өзгертуге байланысты болады.)
- жұмыскер өз еркімен уақытша жұмысқа орналасқысы келмейді (оны жұмыс сипаты немесе ақы деңгейі тартпайды)
- еңбекке қабілетті халықтық аздаған бөлігі жұмыссыздар жағдайында болғанды қалайды (тегін көмек алып)
Циклдік
(экономикалық коньюктураның дамуымен анықталады).
Құрылымдық
(өңірлер мен салалардың дамуы, өндірісті жаңа және ескі салаларға бөлу ерекшеліктерімен жағдайласады).
Сурет 1
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай
отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер
санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.
Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖД = ЖС/ЖК* 100% Мұндағы: ЖД – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны;
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен
жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.
Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деген ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі
2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің
араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық
зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9,5% немесе 3,5 % - ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5% санын Оукен коэффициентіне (2,5) көбейтсек, онда 1983ж. ЖҰӨ көлемінің көлемінің төмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8,75% - тен көп болар еді.
Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда. Қазіргі кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.
Ал енді тиімді еңбекпен қамту дегенді қалай түсінеміз?
Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек шығынымен қанағаттандыра білу.
Қазіргі нарықтық экономикада жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті түрде болуы қажет, сөйтіп жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады. Оған тең дәрежеде арифметикалық «толық еңбекпен қамту» және тым жоғары жұмыссыздықта керіғар екендігі белгілі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]