Курстық жұмыс: Банк ісі | “Халық банкінің” бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Курстық жұмыс: Банк ісі | “Халық банкінің” бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық әлеуметтік әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан. Сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де-Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдармен өнердің ең алдында тұрады. Басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса оның әріптесі Р.А.Фулки «Есеп бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы деп атаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» деген сөздің бекер айтылмағанын атап өтуге болады. Кәзіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор.Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргізу ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есептік жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалуын қамтиды.Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасымен деңгейіне тікелей қатысты, себебі сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпаратарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты.
Халықаралық стандарттармен бейнеленген мақсаттар мыналар:
• Акционерлерді банктің қаржы шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпараттармен қамтамасызету.
• Банк қаржы- шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттарымен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есебі мыналарды қамтамасыз ету қажет:
• Меншікті және тартылған қаражаттардың пайдалануын,банктің қаржылық құралдарының қалыптасуын және оларды бақылау
• Алдын ала бекітілген тиімділік және өтімділік деңгейі арқылы банктің табыстылық деңгейін үздіксіз бақылау және талдау
• Алғашқы құжаттар түпнұсқасы бухгалтерлік бара- бар бекіту және барлық операцияларды бухгалтерлік жазуларда көрсету
• Қаржы- шаруашылық операцияларды мерзіміне сай өз уақытында тіркеу.
Бухгалтерлік есепті обьектісі – толық шаруашылық бірлік және оның құндылықтарды, қаржылық құралдарды және олардың құралу көздері болып табылады.
Бухгалтерлік есептің негізгі элементтеріне: құжаттау, түгендеу, калькуляциялау, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау,есептілік жатады.
Банк қаржылық есептілікті мемлекеттік реттеуші органдрға ұсынады, оларға Үлттық банк, Мемлекеттік салық инспекциясы, Қаржы министрлігі жатады.
Акционерлерге немесе банк иелеріне банктің қаражаты қалай таратып, оларды қалай пайдаланып жатқанын және салынған қаражаттан қандай нәтиже күтуге болатындығын түсіну үшін қаржылық есеп ақпараттары өте қажет.
1 - бөлім.
“Халық банкінің” бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1.1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы туралы заңдарына шолу.
Банк – осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгіленеді.
Банкінің ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Ұлттық Банк мемелекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғары.
Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің төменгі деңгейіне жатады.
Шетелдер қатысушы банк – орналастырылған акцияларының үштен бірінен астамы:
- Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің;
- орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің үштен бірінен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының иелігінде, меншігінде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының;
Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігінде, меншігінде және/немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.
Мемлекет аралық банк – халықаралық шарт негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.
Банкілердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентінің Заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық құжаттарымен реттеледі.
Кредит беруге және өзге міндеттерді шешуге байланысты бірлескен жоюларды іске асыру мақсатында банктер бірлескен қызметі туралы шарт негізінде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
Банкілер Қазақстан Республикасының аумағында да, сол сияқты оның шегінен тыс жерлерде де өзінің еншілес банкілерін, филиалдарын ашуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында шетелдің қатысуымен банктердің филиалдарын ашу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Еншілес банк – орналастырылған акцияларының елу процентінен астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк.
Банкілердің филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу-касса бөлімдері белгіленген тәртіппен құрылады, жабылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес банкілердің өкілдіктері Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның рұқсатымен ашылады.
Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:
Толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерін қоса құрылтайшылар туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөніндегі деректер аты-жөні, азаматтығы, тұрғылықты жері мен жеке өзін куәландыратын құжат деректері;
Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:
банкінің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын құру түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;
банк органдарының шешім қабылдау тәртібі.
Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі және онда өтініш берушінің мекен-жайы көрсетілуі тиіс.
Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтінішке мына құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
- жаңадан құрылатын банкінің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау хаттамасы;
- құрылтайшылар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер; құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі есеп беру күніндегі қаржылық есептілігі;
- егер бір немесе одан көп құрылтайшы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмаған жағдайда: Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алуға рұқсат беретін туралы тиісті мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының мәлімдемесі:
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк болып қайта құрылған жағдайда:
құрылтай шарты, жарғы, соңғы есеп беру күніндегі қаржылық есептілік;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы мекемесінің қаржы жағдайы туралы аудиторлық ұйымның есебі;
- банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер;
- жаңадан құрылатын банкінің егжей-тегжейлі ұйымдық құрылымы;
- жаңадан құрылатын банкінің несие комитеті жөніндегі ереже;
- жаңадан құрылатын банкінің ішкі аудит қызметі жөніндегі ереже;
- жаңадан құрылатын банкінің қызмет стратегиясы, қызмет бағыты мен ауқымын алғашқы үш қаржы жылындағы пайда мен залалдар есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары;
- ұсынылған бизнес-жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткізген әзірлік шаралары жөніндегі есеп;
- өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беруге өкілеттігін растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат, құжаттарды банкінің уәкілеттік берілген органдары бекітуі тиіс.
Укілетті орган банк ашуға рұқсат беру жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
Өтініш беруші банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтінішті ол уәкілетті органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдердің қатысуымен банкілер құрған және олардың қызметін жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақтауға тиіс:
- шетелдер қатысушы банкілердің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасындағы уәкілетті орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда барлық банкілердің жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аса алмайды;
- шетелдер қатысушы банкінің Басқармасының кеңесінің ең болмағанда бір мүшесі Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған банкіде кем дегенде үш жыл басшы қызметте болған тәжірибесін, Қазақстан Республикасының банк және шаруашылық заңдарын білетіндігін куәландыратын құжаттар тапсыруға тиіс;
Уәкілетті орган шетелдер қатысушы банкілерге олардың органдарының құрамына, орындалатын банк операцияларының тізбесіне, сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді пруденциалдық қалыптар мен есептесу тәртібіне қатысты қосымша талаптар қоюға құқылы.
Уәкілетті орган банк ашуға берілген рұқсаттың есебін жүргізіп отырады.
Банкіні мемлекеттік тіркеуді уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде Әділет органдарды жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкілетті органмен келісілгендігін растайтын деректер.
Құрылтайшылар уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бір ай ішінде банкіні мемлекеттік тіркеу үшін Әділет органдарына жолдануға міндетті.
Банктің, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган, Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк береді.Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар Ұлттық Банк белгілеген тәртіп бойынша беріледі.
Ұлттық Банк немесе уәкілетті орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берілгені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде:
- барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның немесе Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жай мен жабдықтар әзірлеуге, сондай-ақ тиісті біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға;
- жарғылық капиталға төлем жасауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
- банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдан алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің және сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттердің;
- тәуекелдер мен ішкі бақылау жүйелері бар бөлікте уәкілетті орган белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Банк операциясын жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен бір мезгілде лицензия талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия беру жөніндегі өтінішті уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк өтініш қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс. Ұлттық және шетелдік валютамен банк операцияларын жүргізуге лицензия шектеусіз мерзімге беріледі.
Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия үшінші адамдарға берілмеуге тиіс.
Банк операцияларының барлық түрлері оны жүргізу құқығы лицензияда тікелей көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Банк операцияларын жүргізу лицензия беру жөніндегі шешімді уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялайды.
Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның тиісті дәрежеде куәландырылған көшірмесі банк клиенттері көруіне оңтайлы жерге орналастырылуы тиіс.
Банкінің филиалы – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банкінің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі.
Банк филиалының банкімен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Банк өз филиалын ашуға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және талаптарға сәйкес уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
Банк филиалын ашуға келісім беру туралы өтінішке мына құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
-банктің басқару органының филиал ашу туралы шешім;
-банк растаған және филиал жүргізуге уәкілетті банк операцияларының тізбесін қамтитын үш дана етіп жасалған банк филиалы туралы ереже;
-банк филиалының бірінші басшысы мен бас бухгалтері қызметтеріне кандидаттар туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының аумағында банкіні, банк филиалын немесе өкілдігін құруға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
Банктің филилалы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде банк тиісті шешім қабылданған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
Банкінің өкілдігі-заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банкінің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі.
Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде банктің өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтінішпен өкілдік ашу туралы өтініш берген айдың алдындағы қатарына үш айдың ішінде оның қаржылық жағдайы тұрақты болып, ол пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтаған жағдайда, уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкілдігін ашуына келісім беру туралы өтінішіне мынандай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
• банк өкілдігін ашу туралы шешім қабылдауға уәкілетті банк басқармасы органының шешімі;
• банк растаған үш дана етіп жасалған Өкілдік туралы ереже;
• уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес өкілдіктің бірінші басшысы туралы деректер.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкілдік ашуына келісім беру туралы мәселені үш ай мерзімде қарауы тиіс.
Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкілдік ашуына келісім беруден бас тарту кез келген мынадай негіздер бойынша:
• банктің қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған жағдайда;
• банктің өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтініші берген айдың алдындағы қатарынан алты айдың ішінде пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді банк орындамағанда;
• банкке қатысты осы Заңда көзделген қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар болғанды
Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкілдігін ашуға келісім беру жөніндегі өтінішке мына құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
- өтініш беруші банкінің құрылтай құжаттары;
- өтініш беруші банкінің тиісті органының Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік ашу жөніндегі шешім;
- өтініш беруші банкінің банк қызметін жүргізуге қолданылып жүрген лицензиясы бар екендігі туралы тиісті мемлекеттің банк қадағалау органының жазбаша растамасы;
- өтініш беруші банкінің соңғы қаржы (операциялық) жылындағы тиісті дәрежеде ресімделіп,аудиторлық ұйым куәландырған жылдық есебі;
- тиісті мемлекеттің банк қадағалау органының өтініш беруші банкінің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашуға қарсылығы жоқ екендігі жөніндегі жазбаша хабарламасы, не тиісті мемлекеттің банк қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің өтініш беруші банк мемлекетінің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі жөніндегі мәлімдемесі.
- өкілдік қызметкерлерінің көзделіп отырған саны және оның басшысы жөніндегі мәліметтер.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкілдік ашуына келісім беру туралы мәселені үш ай мерзімде қарауға тиіс. Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкілдік беруден бас тарту осы тармақта көзделген кез келген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда жүргізіледі.
Банктің есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) – банктің уәкілетті орган келісімі негізінде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аумақтық оқшау бөлімшесі.
Банктердің филиалдары мен өкілдіктерін жабу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Есеп айырысу-касса бөлімдері (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.
Филиалды және өкілдікті әділет органдарында есептік тіркегеннен кейін банк он төрт күн ішінде тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариаттық куәландырылған көшірмесін уәкілетті органға беруге міндетті.
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.
Банк операцияларына мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
- жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
- банкілер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
- осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақты саны ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс “Халық банкінің” бухгалтерлік есепті ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]