Мақал - мәтел: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Мақал - мәтел: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт

Мақал - мәтел: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.

Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.

Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.


Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.

Халық - нағыз ұстаз.

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
Абай

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел ұстаз туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер устаз туралы макал мателдер, Ұстаз, мұғалім, оқытушы, мақал мәтел мұғалім туралы макал мател, пословицы на казахском языке учитель, мақал мәтелдер мугалим туралы макал мателдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]