Мақал - мәтел: Тас

Мақал - мәтел: Тас

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.

Кішкентай тастан
Қауақтай бас жарылады.

Домалаған тасқа мүк тұрмайды.

Асыл тастан, ақыл - жастан.

Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.

Тас түскен жеріне ауыр.

Тасқа егін шықпас,
Қас жаманға білім жұқпас.

Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.

Тасым түссе - талайымнан.

Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.

Биік таудың басы болмасақ та
Баурайындағы тасымыз.

Тасты таспен сындырады.

Тасты тасқа байламас.

Пілдей басқа –
Тілдей тас.

Жинау мақсат болса –
Алтын ба, тас па – бәрібір.

Домалаған тас сорлыға тиеді.

Көп сөзді ұғынып болмайды,
Қатты тасты үгітіп болмайды.

Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.

Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме.

Ілім басқа жұғады,
Қына тасқа шығады.

Жұмсақ сөз тасты жібітеді.

Аттың көркі
Құйрық-жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.

Адам баласы тастан қатты емес.

Ақыл аста,
Қайрат жаста,
Асыл таста.

Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.

Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.

Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.

Алтын-күміс тас болар.

Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.

Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Тас туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Тас туралы мақалдар, мақал мәтелдер Тас туралы макал мателдер, Тас

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]