Мақал - мәтел: Әкім, бастық, басшы, хан

Мақал - мәтел: Әкім, бастық, басшы, хан

сурет: Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.

Әркім өз қаласына әкім.

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Әкім болған көп тұрмас.

Әкімдердің ашуынан сақтан.

Әкімнің ақысы болса,
Қараның қақысы бар.

Әкімнің достығына сеніп болмайды.

Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.

Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.

Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.

Әкімшіліктен де гөрі әділет қымбат.

Әкімі зұлым болса, елі азады.

Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.

Әр елдің өз әкімі бар,
Әр үйдің өз ханы бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Әкім туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Әкім туралы мақалдар, мақал мәтелдер Әкім туралы макал мателдер, бастық мақал мәтел туралы макал мател, басшы мақал мәтел туралы макал мател

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]