Мақал - мәтел: Адам, кісі, халық, жұрт

Мақал - мәтел: Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде – соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.

Адамның сырты алдамшы.

Адамға адам жат емес.

Адам болып туған соң,
Адам болып өлу ләзім.

Адам ұйымшыл,
Мал үйіршіл.

Бейтаныс кісі –
Бітеу жаңғақ.

Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.

Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.

Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.

Адам ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

Темір сырын отта танытады,
Адам сырын жоқта танытады.

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Қалыптан безсең де,
Халықтан безбе.

Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

От жағылмаған үй — қора,
Кісі келмеген үй — мола.

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

«Арық» деген жаман тай
Жазға шықса ат болар,
Жамандығың сезілсе
Жақын кісің жат болар.

Сөйлей білмеген кісіден,
Үре білген ит артық.

Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.

Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.

Кісідегінің
Кілті аспанда.

Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.

Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.

Жүні жығылғанның —
Күні жығылған.

Әркім қолда барын ұсынады.

Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.

Көтере алмаған,
Қосып арқалайды.

Қайғы басқан кісіге
Мамық төсек таспен тең.
Қайғысы жоқ кісіге
Екі аяғы атпен тең.

Қисық ағаш қиыспайды,
Қыңыр кісі сыйыспайды.

Кісі арасында кісі бол,
Үлкені болма, кіші бол.
Қызмет қылсаң жорғалап,
Маңдайдан терің сорғалап,
Азаматтың ісі бұл.

Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.

Кісінің шырайына қарама,
Райына қара.

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.

Тура ағаш үйге тіреу,
Тура жігіт елге тіреу.

Шаруа кісіні қыдыр тұт!
Сақы кісіні кәдір тұт.

Көрінгенге көз түрткі —
Қордың қоры.

Ұялғаннан кісі өлмес,
Асыққанның ісі өнбес.

Кішкентай кісі де керемет түстер көреді.

Жақсы кісі сырқаттанса,
Көңілін сұрар ағайын.
Жаман кісі сырқаттанса,
Жан баспайды маңайын.

Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
Шаң боратқан арбадай.

Қадірлі кісі қартаймас.

Көргенді кісі көргенін айтар,
Көргенсіз кісі бергенін айтар.

Өзінің бетін аямаған,
Кісінің бетін шиедей қылады.

Кішіпейілдік —
Кішілік емес,
Кісілік.

Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.

Кісіден тілегеннің
Екі көзі шығады.
Еңбегіне сенгеннің
Екі бүйірі шығады.

Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.

Қарғыстан кісі өлмейді.

Жаман кісі тақпақшыл,
Жаман сиыр соқпақшыл.

Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.

Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.

Жаман кісі мақтанса, жақсыны жағасынан алдым дер.

Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.

Елде қырық кісі бар, сүйгеніңе сәлем бер.

Жалаңаш кісіні ұры таламас.

Өзімдікі дегенге,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Анау-мынау ісім бар.

Аты-тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.

Өз қатесін көрмеген,
Кісінің қатесін сезбейді.

Бір мылтықтың аузына
Мың кісі сияды.

Екі кісі күнәкар болса,
Үшінші кісі – дәнекер.

Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес.

Ақылды кісіден кісілік үйренесің.

Алпыс батпан көтерген кісі
Бес батпан қосқаннан қорықпайды.

Аралас жүр, ішінде бол ізгінің,
Сонда ұстайсың кісіліктің тізгінін.

Арпа берген кісіден есек қашпайды.

Ат болатын тұлпардың
Мүшесінен белгілі.
Кісі болар кісінің
Кісесінен белгілі.

Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде.

Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ кісі бір қатыннан туады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Адам халық жұрт туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Адам халық туралы мақалдар, мақал мәтелдер Адам кісі туралы макал мателдер, Адам туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]