Мақал - мәтел: Бар мен жоқ

Мақал - мәтел: Бар мен жоқ

Бармын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Барым әзір, жоғым жай.

Жоқтан бары артық.

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.

Бар болып, жоқтық ісін қылма,
Жоқ болып, бардың ісін қылма.

Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.

Бар қарындас батуда болмасын,
Жоқ қарындас жолда тұрмасын.

Бардың ісі пәрменменен,
Жоқтың ісі дәрменмен.

Барына базар,
Жоқты қайдан табар.

Барыңда батып іш,
Жоғыңда сатып іш.

Барын ортаға салса, жоқшылыққа саналмас.

Не атамда, не ботамда жоқ.

Барға - мәзір, жоққа - сабыр.

Барлардікі жорға-жорға,
Жоқтардікі зорға-зорға.

Барды балама,
Жоқты санама.

Жоқты жара деме,
Көлеңкені қара деме.

Барға - мәзір, жоққа - қанағат.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Бар мен жоқ туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Бар мен жоқтуралы мақалдар, мақал мәтелдер Бар мен жоқ туралы макал мателдер, Бар мен жоқ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]