Мақал - мәтел: Бөрі, қасқыр

Мақал - мәтел: Бөрі, қасқыр

Бөрі боранды ұнатады.

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың.

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.

Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.

Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.

Бөрі де жолдасына қас қылмайды.

Бөрі боп туса,
Бота боп жартпас.

Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.

Сұр ит – бөрінің бөлесі.

Дүзде бөрі ұлыса,
Үйде ит қыңсылар.

Артымды бөрі жесе де, көзім көрмесін.

Бөрі арығын бүлдірмес
Итке арқасын үрпитер.

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Қойға қасқыр шапса,
Жарлының жалғызын жейді.

Қасқырлы жердің елі айтақшыл.

Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.

Қасқырдың қарны тоймайды.

Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.

Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.

Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

Қараусыз қалған есек —
Қасқырдың олжасы.

Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.

Бөрі қоңсысын жемейді.

Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.

Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Бөрі қасқыр туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Бөрі қасқыр туралы туралы макал мателдер, Бөрі қасқыр туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]