Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық

Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Абзал арын ойлайды,
Надан дүниеге тоймайды.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.

Ішіп тоймаған жалап тоймас.

Түйені түгімен,
Нарды жүгімен жейді.

Желкілдеген түйе жеген,
Желіні қарыс бие жеген.

Төрт тұрманы түгел бай,
Тырнақтай тарту алады.

Қара судан қаймақ алған.

Қу бастан қуырдақтың ет алған.

Іші қуырылмайды, пышағы суырылмайды.

Өзі сұранғаннан сарқыт дәметпе.

Қауып жегенің - қақалғаның,
Ажалыңа таңалғаның.

Көмбенің иесі екеу:
біреуі - көмген, біреуі - көрген.

Көмбені не көрген, не көмген алады.

Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір.

Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.

Ашыққаннан құныққан жаман.

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Жақсыны арман аздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.

Нәпсі деген - пәле,
Жанған отқа салар.

Бүк түссе де менікі,
Шік түссе де менікі.

Қарау бай жаназасына жинайды.

Алтын көріп періште жолдан тайған.

Былшығын аламын деп,
Қылшығын алған.

Алтын тапқан адам аштан өлер.

Қазан түбінде шеміршек қалды деп дәметеді.

Күң көтінде күміс жылтырайды,
Оны бәйбіше сұрайды.

Берушіден қалмайды, сұраушыдан қалады.

Көп жұмысқа қиналсаң,
Машақатқа тап боларсың.

Азға қанағат етпесең,
Оған да зар боларсың.

Қылдан қиқым іздеген.

Айдай ажарды иттей нәпсі бүлдірді.

Тақыр жерге шөп шығарған.

Қуғынмен келген сүргінмен кетеді.

Ағаштан бал, шөптен сүт ағызған.

Қымыз қызулы, айран аяулы.

Үзіп жеген үнем болмайды.

Ит көтінен ине суырған.

Жеп жеті болмас, жалап жетпіс болмас.

Бит қабығынан биялай тоқыған.

Алып алты, жеп жеті болмайды.

Қысқа күнде қырық жерге көмбе қойған.

Желмен келген желмен кетеді.

«Ал» десең қуанады, «бер» десең күйінеді.

Қызғанғаның қызыл итке жем болды.

Қызыл дүние - көздің құрты.

Дүниеқоңыздың ішінде шайтаны бар.

Өзімдікі деген басын ұстайды.

Кеудеден көкірек жақын.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Дүние деген - сордың суы,
Іше берсең, кептіре береді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тоймас, жалап, алған, деген, жеген, дүниеге, десең, жерге, Алтын, түссе, біреуі, Дүниеқор, дүниенің, көрген, болмас, Абзал, алады, боларсың, кетеді, тоймағанның, дүние туралы мақал мәтелдер, дуние туралы макал мател, Дүниеқорлық туралы мақал мәтелдер, дуниекорлык туралы макал мател

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]