Қазақша мақал - мәтел: Құлан

Қазақша мақал - мәтел: Құлан

Құлан қырда, құндыз суда.

Үйірлі құлан көсемсіз болмас.

Алпыс құлан ат болмас.

Құлан қағын қорғайды.

Ордалы құлан ақсағын білдірмес.

Керқұланның қадірін ойда, қырда қақ білер.

Құланның оттауы бірге, жусауы бөлек.

Құлан өз қағынан жерімейді.

Қағынан жеріген құлан қаңғырып өлер.

Құлан қайда семірсе,
Сол жерге түгін төгеді.

Құлан семірген жеріне жынын шашады.

Құлан құдыққа құласа,
Құлағында құрбақа ойнар.

Құланға ерген шиеге аунайды.

Құланның қасуына мылтықтың басуы.

Құлан ату менің не теңім, киік атпай,
Киік ату менің не теңім, үйде жатпай.

Бір оңты бұлан көтереді,
Екі оңты ңұлан көтереді.

Қақты жердің қадірін құлан білер,
Орман-тоғай қадірін бұлан білер.

Батпаққа батқан пілді піл ғана шығара алады.

Үйірлі құлан айғырсыз болмайды.

Жол тосқан жолбарысқа қазалы құлан тап болар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
құлан туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском о кулан, кулан туралы макал мателдер, құлан, Құлан, болмас, қадірін, Үйірлі, қырда, білер, Құланның, теңім, бұлан, менің, көтереді, Ордалы, қағын, Алпыс, құндыз, қорғайды, білдірмес, ақсағын, көсемсіз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]