Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Шал алған қызға)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Шал алған қызға)

Қазірде құлағымда ащы зарың
Және де көз алдымда саңырау шалың.
Саңырауға сасық сақал келемеж боп,
Қапада жүргеніңнің білем бәрін.

Қөңілімде мұңыңды айтып ашынғаның,
Жоқ шығар тап сол жерде жасырғаның.
Өн бойың үзілгендей созылып кеп,
Ішінен пәуескенің асылғаның.

Ешкім жоқ мұңыңды айтар менен басқа,
Не өнді, құр жыладың жансыз тасқа,
Алдым деп төрт-бес қара мәз болып жүр,
Сөнбес өрт сала салып қыршын жасқа.

Бұл қайғы мені оңдырмас қоймағанда,
Оңдырар сені қалай ойлағанда.
Тұрмыстың сайлап салған саңырау шалы
Басыңды қайтер дейсің жоймағанда.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Шал алған қызға өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Шал алған қызға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]