Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Биік тауға жарасар)

Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Биік тауға жарасар)

Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
Ақсақалға жарасар
Тілеуқорлық айласы.
Бәйбішеге жарасар
Еміздіктеген сабасы.
Келіншекке жарасар
Емшектегі баласы.
Қыз он беске келгенде
Шашынан көп жаласы.
Бұл жалғанда бір жаман -
Ағайынның аласы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
үмбетей жырау Биік тауға жарасар өлең стихи на казахском умбетей жырау казакша олен, үмбетей жырау өлеңдері, стихи на казахском языке умбетей жырау, умбетей жырау олендери, Биік тауға жарасар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]