Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Отаным)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Отаным)

Күн нұрын ала самғайтын
қыраның болам, Отаным.
Жеріңді жәннат қорғайтын
ұланың болам, Отаным!

Төріне бірлік, елімнің
сыйласын Уақыт, жыр-әнін.
Арта бер жүгін сенімнің,
Арқалап өтем, Отаным!

Заулаған ару-даламның
пырағы болам, Отаным!
Мәңгілік сөнбес бабамның
шырағы болам, Отаным!

Теңдіктің ашып арнасын,
баянды күнге бастадың.
Шаттықтың әні шарласын,
Тәуелсіз елім аспаның.

Төріне бірлік, елімнің
сыйласын уақыт, жыр-әнін.
Арта бер жүгін сенімнің,
Тәуелсіз елім,
Тәуелсіз жерім,
Тәуелсіз менің Отаным!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Отаным өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Отаным, отан туралы өлең, отан өлең, менің отаным қазақстан өлең, отан туралы өлең шумақтары, отан туралы өлең жолдары, менің отаным қазақстан туралы өлең, отан туралы олен, отан туралы олен шумактар, отан туралы өлең-шумақтар, стихи на казахском языке про отан, стихотворения на казахском языке про отан, стихи на казахском языке отан, стихи на казахском языке на тему отан, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өлеңдер, туған ел туралы өлең шумақтары, туган ел туралы олен жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]