Қазақша өлең: Саят Әбенов (Қыз өмірі...)

Қазақша өлең: Саят Әбенов (Қыз өмірі...)

Қыз өмірі - сын сағатта сыналу,
Қиындықты жан-тəнімен құп алу.
Қасиеттің жиып бойға жақсысын,
Қасіреттің шырмауынан шыға алу.

Қыз қылығы - сəл боянып, сылану,
Үлкендерге ізет қылу, тіл алу.
Құрбылармен шығар болса көшеге,
Анасынан рұқсат алып сұрану.

Қыз арманы - бақытты боп қуану,
Жыласа да махаббатпен жұбану.
Ең бастысы тойда киіп ақ қөйлек,
Адал сүйген адамынан гүл алу...

Қанша сұлу, қанша көркем жүр ару,
Болсын мейлі миллион ару, мың ару.
Жүрегінде бірақ əрбір жігіттің,
Өмір сүру керек екен бір ару!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
саят әбенов Қыз өмірі... өлең стихи на казахском саят абенов казакша олен, саят әбенов өлеңдері, стихи на казахском языке саят абенов, саят абенов олендери, Қыз өмірі...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]