Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Азат күн)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Азат күн)

Атыңнан мен айналайын сыр тұнған,
Тәуелсіздік тұғырым-ай, нұр тұнған!
Ата Заңын алаулатып қайтадан,
Алла қалап Әбішұлы Нұрсұлтан!

Ұлы арман санамызда жаңғырған,
Мына қазақ өрлі рухын сайлағын.
Алдымызда қырат жолдар сырға мол,
Ұлы ерлік қол бұлғап тұр қайтадан.

Сенімі бар,
Қуаты бар,
Намыс бар!
Ұлы тарих қазағыммен табысар...
Жүрек қайсар,
Көңіл дала,
Ойы нар,
Мына ғасыр ұлы елмен танысар.

Алла бізді көз тиюден сақтасын!
Ел ағасы ел үмітін ақтасын.
Қазақ тілі,
Діні,
Ділі,
Дәстүрі,
Босағада қайыр тілеп жатпасын.

(Тағдырана ыңғайланып осы елдің),
Мәңгі елдің, кең жеріне төрлегін.
Он бір әріп «сөз атасы» атанған,
Қасиетті Тәуелсіздік қош келдің!...

2016 ж.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Азат күн өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Азат күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]