Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Әділдік)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Әділдік)

Әділдіктің жолы ауыр қашанда,
Бірақ одан еркің түсіп жасқанба.
Себебі ол – көркем мінез ақ шыңы,
Аңызы бар жеті қабат аспанда.

Басы бейнет болғанымен түңілме,
Жақсы сөз бар ере тұғын түбінде.
Құрғақ уәде, пасық мінез, жалаң сөз,
Құрығына қиналғанда ілінбе.

Сан қырынан көрінеді бұл өмір,
Әлі талай ой түрленер бұлыңғыр.
Сөзі жеңіл, аманаты тым ауыр,
Әділдікті жүрегіңде жылындыр.

Өтер тағдыр, өтер уақыт кідірмей,
Сөз салмағы қалар жырда бүлінбей.
Жаратқанның алдында да мұң құшпай,
Әділ пенде басы тұрар бүгілмей!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек бердіжар Әділдік ералыұлы өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Әділдік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]