Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға)

Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға)

Екеуміз екі қалада жүріп ,
Сағыныш әнін шырқаймыз .
Асыл армандар жағада күліп ,
Басынан оның сипаймыз .

Екеуміз екі қалада ұйықтап ,
Ояндық тәтті түс көріп .
Махаббаттың балынан ұрттап ,
Мұңынан оның ішпедік .

Екеуміз екі ауылдың көркі ,
Бетінен ешкім қақпаған .
Ескі үйге сені барғанда ертіп ,
Қуанып , сүйіп жатты анам .

Қосылып тілек , тоғысып жүрек ,
Отау тігіп үй болдық .
Сүйудің шоғын маздатып ,
Өмірден бәрін үйрендік .

****

Саған деген сезімді сетінетпей ,
Заман деген теңізді кешіп өтпей .
Саған өлең жазып ем көз алайтты,
Екі беткей дүние – ай , екі беткей .

Үнсіз ғана тыңдап ем қаздардың әнін ,
Үніңді естіп тұрғандай назданды жаным.
Асау жүректің лұпілін жырмен тербетіп ,
Жалғыз құшақтап жүріппін арманның бәрін .

Гүлге лықсыған гүлбақтың бұлбұлы едің ,
Арманы асқақ ақынның бір мұңы едің .
Жеті түндерде қақсам ба қақпаңды сенің ,
Бақыт дейтін көшенің тұрғыны едің .

Адамзат дейтін сеніп ем ақымақтарға ,
Ойымды шашып жіберді атыраптарға .
Саған айтар сөзімді мезгілге айттым,
Жүрек сөзімді кестелеп жапырақтарға .

Керуен боп барады бұлттар қайтып ,
Көкжиектің бетінде шықтар қалқып.
Қанатымен қоңыр қаз хат жолдадым ,
Саған айтар сырымды құстарға айтып .

***

« Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің » ,
Оған бола лайланбайды ай – көлім .
Көктен түскен аппақ қанат көгершін ,
Қаққылап тұр көңілімнің әйнегін .

Қаққылай тұс, көңілімді көгершін ,
Сен ғайыптан самғап үшып келерсің .
Күндеріне үнсіздікпен қол берген ,
Бұл көңілге не дерсің ?


Ақ көгершін , ән боп тусаң деп едім ,
Үмітімді жалғастырсам деп едім .
Шалқұйырықтай шалдықпайтын арманды ,
Саған ұқсас самғаттырсам деп едім .

Қайрат жеңіп , ашу кетсе деп едім ,
Мына өмірге асылды екше деп едім .
Төрт жыл жазған өлеңімді жұрт сүйіп ,
Төрт мұқитқа атым жетсе деп едім .

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дүйсенәлі әлімақын Майраға өлең стихи на казахском дуйсенали алимакын казакша олен, дүйсенәлі әлімақын өлеңдері, стихи на казахском дуйсенали алимакын, дуйсенали алимакын олендери, Майраға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]