Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Бәрі уақытша)

Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Бәрі уақытша)

Біреулер байлықты,
1 000 000 айлықты.
Зәулім үй, ақшаны,
Фазенда, бақшаны
Бақыт санады.
Жүгіріп жүргенің,
Мәз болып күлгенің,
Мұңайған күндерің,
Тойлаған түндерің...
Уақытша бәрі...

Қ/сы
Досың мен туысың,
Несібең, ырысың,
Алатын тынысың
Уақытша бәрі
Бұл жалған ғаламда,
Әпкең де ағаңда,
Әкең де анаң да
Уақытша бәрі.

Баяғы жас күнің,
Тоқ күнің, аш күнің,
Сау күнің, мас күнің,
Жұмысың, бастығың
Уақытша бәрі
Жомартта, сараң да,
Бауырың, балаң да,
Ауылың, қалаң да,
Ең мықты адам да
Уақытша бәрі

Берілме құмарға,
Адасқан ұранға.
Адамның тағдыры,
Отбасы, бал күні,
Бақыттың барлығы
Құранда...
Уақытша бәрі де,
Мәңгілік бір Алла...

Қара жер астында,
Бәріне орын бар.
Маңдайға жазылған
Баратын жолың бар.
Бауырлар, адамдар,
Иманды, адал жар
Мейірімді болыңдар!!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақдәулет арыстан Бәрі уақытша өлең стихи на казахском бакдаулет арыстан текст казакша олен, бақдәулет арыстан өлеңдері, бакдаулет арыстан текст стихи на казахском, бакдаулет арыстан текст песни олендери, Бәрі уақытша, бакдаулет арыстан авторлык олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]