Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Тарланым)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Тарланым)

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды - ау
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім!
Керіскідей шандозым.
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағыңа сары жебені салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған.

Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.
Айқайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Астына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңреткен;
Атқан оғы Еділ - Жайық тең өткен:
Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді - ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?!

[media=http:https://www.youtube.com/watch?v=zwrW6imEl-8]
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тарланым өлеңі махамбет өтемісұлы видео, тарланым махамбет дауысы, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]