Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Өзен)

Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Өзен)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Дәм болар алуан - алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретін құдайымның көресін бе?
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар терісіне...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи Ыбырай Алтынсарин на казахском языке, Ыбырай Алтынсарин Қазақша өлең, казакша олен Ыбырай Алтынсарин, стихи Ыбырай Алтынсарин на казахском языке, Ыбырай Алтынсарин казакша олен, Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, Ыбырай Алтынсарин олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]