Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Өнер - білім бар жұрттар)

Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Өнер - білім бар жұрттар)

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казакша олен Ыбырай Алтынсарин Өнер-білім бар жұрттар, стихи Ыбырай Алтынсарин на казахском языке, Ыбырай Алтынсарин Қазақша өлең, казакша олен Ыбырай Алтынсарин, стихи Ыбырай Алтынсарин на казахском языке, Ыбырай Алтынсарин казакша олен, Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, Ыбырай Алтынсарин олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]