Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алданған сұлу)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алданған сұлу)

Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сиқырлы қара нәркес көзің еді.
Мап-майда мамық қардай мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы үзім еді.
Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді.
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей,
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.
Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақмарал, аяғыңа дәл тиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті,
Аһ ұрдың, сыртың - жалын, ішінде - шоқ.
Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағаны, тез құп алдың.
Тап-таза ат, көркем көрік - бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.
Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған!» дейді енді жақын, жатың,
Ызыңдап ол да, бұл да сол сөзді айтар,
Жас текпей нағып сонда шыдар дәтің.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Алданған сұлу өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]