Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Адалмын деп, араммын деп айта алман)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Адалмын деп, араммын деп айта алман)

Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.
Арамдықтын, кемесінде шайқалған,
Тектек болған тайыншадай ділгірдім.
Адалсың деп көңілімді көпсітпе,
Адалдықты ала келгем анамнан.
Арамсың деп өмірімді өксітпе,
Жұмыр басты пенде болып жаралғам...
Адалдығым, арамдығым байқалған,
Жырым менің - сырым менің - шар айна.
Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Сен сұрама, жарай ма?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Адалмын деп араммын деп айта алман өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]