Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Айтатын саған сырым бұл)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Айтатын саған сырым бұл)

Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлыңғыр.
Әлсіреп, дымым құрып жүр.
Адасып менен кеткен бе?
Айналайын құлын-жыр.
Айтатын саған сырым бұл,
Бастаудың мұздай суымен
Мерт бола кетсем жуындыр.
Өртенген жанды суындыр.
Ерте келіп,ерте өліп,
Шарамды таусып,төңкеріп,
Кетем бе деп қорқамын,
Өз отыма өртеніп.
Бұлақтың мұздай суымен
Жуындыр мені, жуындыр.
Қауышып жаным жырыммен,
Алайын сосын тыным бір...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Айтатын саған сырым бұл өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]