Қазақша өлең: Інкәрбек Қажымұхан (Шал)

Қазақша өлең: Інкәрбек Қажымұхан (Шал)

Қаусаған кім-кімгеде қара шалмын.
Кемпірім көңіліме жара салдың.
Өкпелеп теріс қарап отырсаңда,
Мен саған жаңбыр жауса қарасармын!

Тып-тыныш жатыр едім пәтерімде.
Өкпелеттің осында әкелдің де.
Сынаптай сыртын берсе өз кемпірің,
Өмірді сүргенің ғой бекер мұлде!

Баяғы жаутаң қаққан жанарың жоқ!
Отырмын теріс қарап амалым жоқ.
Айтушең қыз күніңде есіңде ме?
Мен сені өмір бақи бағамын деп!

Әй кемпір не істетпейді қу тіршілік?
Кейбіреу байлық қуып жүр құлшынып.
Өкпемізді қалдырып осы жерде,
Құдайға жасайықшы жүр құлшылық!

Несіне өткеніме өкінемін
Өкпемді ұмытуға бекінемін.
Жүрші енді қаймақ қатқан шәй ішейік,
Соңғы рет сенен соны өтінемін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шал туралы өлең, жалмауыз кемпір туралы өлеңдер, жалмауыз кемпір туралы өлең, кемпір туралы өлең, кемпір туралы өлеңдер, кемпір туралы өлең казакша, стихи про бабушку и дедушку на казахском языке, стихи про бабушку на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]