Өлең: Отқа оранған бес сәби

Өлең: Отқа оранған бес сәби

Күлімдеген бес ботақан балапан
түн ішінде жаны отқа оранған,
боталардың жан дауысы шырылдап
бес сәбидің жаны шықтау сол арман.

Әке шеше болды екеуі жұмыста
қу тіршілік ұйықтатама тұрмыста,
Жететіндей берсе өкімет ақшасын
жатамыз ғой бала шаға қасында.

Он алты мың көп дедіғой балаға
мүлт етпестен жар салды ғой далаға
он алты мың керіп тартып жеткізет
әке шеше төрт бес алтын балаға.

Сұмдық өзі он алты мың қарасаң
қай жыртыққа жетеді ол жамасаң,
бес балаға үш ақ мыңнан шығады
осы заңды қандай ессіз қараған

Бес сәбиден әке шеше айрылды
жүректері жылап жатыр ойылды,
біреу емес күлімдеген бес сәби
отқа лаулап бес бүлдіршін қыйылды.

Түн ішінде тірі жанды бес жүрек
кызыл отқа орадығой жас жүрек
Алланың ол бұйрығы ғой не шара
бүкіл елің жылап жатыр сені іздеп.

Бесеу бірдей балапандар күлімдеп
Әке шешең қапы қалдау сені іздеп,
от пен суың тілсіз жау ол қатыгез
үлкен кіші қарамайды бала деп.

Балаларды өзің сақта Құдайым
сенен соны жалбарынып сұраймын,
бала деген жалғастырар өмірің
аман болсын балапандар әрдайым

Ерік Еренғазыұлы. Семей
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерік Еренғазыұлы, Ерік Еренғазыұлы өлеңдері, балаға, жылап, жүрек, жатыр, ішінде, іздеп, балапандар, Бесеу, бүкіл, бұйрығы, Алланың, орадығой, жанды, кызыл, қыйылды, бүлдіршін, лаулап, сәбій, күлімдеген, біреу, ерик еренгазыулы олендери казакша, Күлімдеген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]