Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)

Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)

Адам қолы талай жауды жайратқан,
Адам қолы талай бауды жайнатқан.
Адам қолы тіккен талай кебінді,
Адам қолы жуған талай жөргекті.
Адам қолы сепкен талай өлімді,
Адам қолы талай бесік тербетті.


Адам қолы талай жауды жайратқан,
Адам қолы талай бауды жайнатқан.
Адам қолы тіккен талай кебінді,
Адам қолы жуған талай жөргекті.
Адам қолы сепкен талай өлімді,
Адам қолы талай бесік тербетті.
Бір өңешті толтыра алмай қос қолмен,
Бұл жалғанда талай пенде босқа өлген.
Адам онда білмей рақат дегенді,
Адам онда сезбейтұғын шабытты,
Қолдар онда жазып зарлы өлеңді,
Қолдар онда көтеретін табытты.
Қолдар! Қолдар! Аян, аян өзіңе!
Оның бәрі өзің жазған шежіре!
Талай - талай таңбаң қалды уақытта,
Жылдар келді, жырлар туды не түрлі.
Бүгін қос қол болашаққа, бақытқа
Барар жолдың рельстері секілді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев әдеби әлем кекілбайұлы, әбіш кекілбаев өлеңі Адам қолы талай жауды жайратқан, әбіш кекілбаев өлеңдері, әбіш кекілбаев өлеңі, абиш кекильбаев олендери, абиш кекилбаев олендери, стихи на казахском языке абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекилбаев, стихи на казахском языке кекильбаев абиш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]