Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Арғымақ)

Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Арғымақ)

Қыпшақтардың ой-хой, құба жондары-ай,
Жер тарыпа тұлпарын айт, тұлпарын!
Шар айнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынға-көк кілемге
Сүртіп мүйіз үлтанын.
Берші менің тақымыма біреуін,
Жеті қиян жер түбіне асайын.
Арғымақтай аласүрған жүрегім
Шапшып-ақ тұр,
Оны қалай басамын.
Атылайын арғымақтың жалына,
Соңымда тек сақ-сақ күліп дос қалсын.
Балғын шалғын айналып көк жалынға
Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын.
Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,
Шабайықшы шаң қоңдырмай етіне.
Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.
Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев әдеби әлем кекілбайұлы, әбіш кекілбаев өлеңі Арғымақ, әбіш кекілбаев өлеңдері, әбіш кекілбаев өлеңі, абиш кекильбаев олендери, абиш кекилбаев олендери, стихи на казахском языке абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекилбаев, стихи на казахском языке кекильбаев абиш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]