Өлең: Тәуелсіздік толғауы

Өлең: Тәуелсіздік толғауы

Тәуелсіздік! Тұмарымсың жүрегімде сақтаған.
Ардақтаған асылымсың үміттерден нәр алған.
Бабалардың қайратының ізін көрем өзіңнен.
Ұрпақтардың үндестігін үзіп алмай жалғаған.

Тәуелсіздік! Арман едің ата-бабам аңсаған.
Өмірінің әр сәтінде бар жанымен қалаған.
Бақыттымыз, бүгін, міне, Тәуелсіздік таңы атты.
Бағалайық бағымызды бақ құсына балаған.

Сенім артам келешекке мақсаттардан құралған.
Шуақ шашар атағымыз бар әлемге таралған.
Адал ниет, ізгіліктен бастау алған тірлігі,
Өр халықпыз досқа адал,
Ал дұшпанға жебе болып атылған.

Қазақ елі мәңгілік ел боларына сенемін.
Сол сеніммен қадамымды нықтап басып келемін.
Шәкірттерім білімді боп бағындырсын белесті.
Осылай деп, ұрпағыма ақ батамды беремін!

Сағындықова Күлпаш
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, 16 желтоксан туралы олен такпак, Тәуелсіздік толғауы туралы олен өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]