Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсы көру)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсы көру)

Өмірің таңдай болса арайлаған,
қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы: - -
Жақсы көру, жақсы көру,
не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге,
қуанып қөз ілуге
адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен,
ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен,
өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге содан бері алаңдамай,
жүрегім жанарыңа қамалғаны-ай!
Ғажайып күй кештірген сезім -сәуле
өзімді жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Жақсы көру өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Жақсы көру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]