Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Күйзелу)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Күйзелу)

Көңіл-күйде тыншу жоқ:
әлденені аңсай ма, жабыға ма,
өрт кешкендей тынысым тарыла ма,
әлде дауыл тілеген теңіз сынды
бір бұрқаныс сәттерді сағына ма...
Жүргенім-ай жаным бір жай таба алмай,
жалтаңдаймын көп сырды айта да алмай.
Мазасыз бір күйдемін. Жанымдағы
жалын оты шаршатты қайта жанбай.
Қайда кеткен сәттерім дауылдаған,
/тымырсықта күн кешу ауыр маған!/
Бей-жай күндер, бойкүйез тіршіліктен
жіңішкерген жүйкені сан улағам.
Қайда менің бейкүнә сағым далам,
сағым далам, кезім жоқ сағынбаған!
Дүниенің барлығын пәк сезінген
қайда армандай күндерім жалындаған?!
Бұл мазасыз көңілдің
міне, отырмын таба алмай бүгін де емін
/содан жанды күйзелтіп түңілгенім/.
Қайда кеткен өзімді Жер бетінде
бақыттыдай сезетін күнім менің?!
Қайда кеткен сан ойлар көз ілдірмей,
ақ таңдарға ұласқан іңірлерім!..
Кейбіреулер қарайды
маған осы тірлікті қимағандай,
Құдай маған мол бақыт сыйлағандай.
Ал мен болсам күйзелем аласұрып,
жалғыз өзім әлемге сыймағандай.
...Әлде адамға рақат қелмей ме екен
сан күрсінтіп жаныңды қинап алмай?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Күйзелу өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Күйзелу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]