Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)

Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендер на казахском, Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]