Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)

Қиял құсы...
Ол құстың иесі – ақын. Ұяң кісі.
Түннен жасап алардай тамаша әлем,
Бойына бар ғаламның сияр күші.
Жоқ оның одан басқа зиянды ісі.

Бар үнімен,
Табиғаттың тілдесіп тамырымен,
Қара өлеңмен кәдімгі қаны – күрең.
Жұлдыздарға түнімен хат жазады ол,
Ақ Айдың жарығымен.

Қап-қара түн.
Тылсым түннен тағатын тапқан ақын.
Қиял тербеп кетеді аспанға ұшып,
Айдың нұры аймалап ақ қанатын.

Жанды көзі,
Ақынның аспанға ұқсас бар мінезі.
Биіктікті, сүйеді ол кеңістікті,
Жұлдыздармен жарасып жалғыз өзі.

Арпалысып алапат алып күшпен,
Әуел баста-ақ ақындар жұлдыз болып,
Жанарынан жалғанның ағып түскен.
Иә, солай Ақын ем,
анық Күшті ем!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақын туралы өлеңдер, ақындар туралы өлең, ақын туралы, ақын, қалқаман сарин Ақын өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]