Өлең: Абай Құнанбаев (Асау той тентек жиын опыр-топыр)

Өлең: Абай Құнанбаев (Асау той тентек жиын опыр-топыр)

Асау той, тентек жиын, опыр-топыр,
Ішінде түсі суық бір жан отыр.
Алысты тұманданған ол ойлайды,
Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр.

Ішкен-жетен, таласқан, ойнап-күлген,
Кезек жоқ, келісім жоқ, сөйлей берген.
Дауырыққан, күліскен, өлеңдеткен
Қайғысызға қайғырып, жиіркенген.

Көп отырды, қозғалды сөйлегелі,
Құлағымда бүгін тұр соның үні:
Сендерге не жүмыс бар тағдырменен,
Ойнай бер де, күле бер күні-түні.

Ойынға ойсыз надан бәрі құмар,
Дүние істеп өз жүмысын жатқан шығар.
Елемесең, елетер, бір танытар,
Қайда айдаса, барасың,— кім тартынар?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай құнанбаев Асау той тентек жиын опыр-топыр өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Асау той тентек жиын опыр-топыр
  1. Ару
    Ару 18 октября 2020 19:53
    0 + 0 -
    Классссс
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]