Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өледі кімдер туады кімдер)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өледі кімдер туады кімдер)

Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.
Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.
Өмірде қымбат асылдар - күндер,
Өмірде қилы ғасырлар - күндер.
Өмірге керек бақыттар - күндер,
Өткізген сәтті уақыттар - күндер.
Өмірдің мәңгі қосағы - күндер.
Өмірді мәңгі тосады - күндер.
Күндер...
Күндер...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Өледі кімдер туады кімдер өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Өледі кімдер туады кімдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]