Өлең: Қасым Аманжолов (Бөріктен без)

Өлең: Қасым Аманжолов (Бөріктен без)

Әй, ақымақ
Есер ерлік:
Жаудың бәрін
Сорлы көрдік.
Лақтырсам тек
Папақ, бөрік,
Жау сұлатып
Салам, дедік.
Қорық
Орыстың
Бұл сөзінен:
Фуражкаға
Сене көрме.
Ол сөзге ерсең
Қабырғаңды
Қаусатар жау
Талай жерде...
Совет жауы...
Емес бала:
Келе қоймас
Жұмырыққа.
Жау бай,
Есті,
Қу, жүз қара,
Салуға епті
Тар табытқа. Болат, бронь
Бүркенгені,
Аттары бар
Талмас
Берік
Қорқыта алмас
Жауды бөрік,
Алып
Ноян кит мінген жау,
Ауыр,
Зілді
Танкісі бар,
Фуражка мен
Шапкаларды
Лақтырғаннан
Не мән шығар?
Келер олар
Үндеместен,
Беті, жүзін
Көрсетпестен:
Жасағыңа
Жайлап, жылжып,
Тенер ажал
Сыр берместен,
Болатымен қоршап
Дұшпан,
Жан-жағыңнан
Жоқ қой қысқан:
Сайла қару,
Тездетіңдер,
Ой, техника,
Ер жетіңдер!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қасым аманжолов Бөріктен без өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Бөріктен без

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]