Өлең: Қадыр Мырза Али (Қайсысы қайда барады?)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қайсысы қайда барады?)

– Қасқыр, қайда барасың?
– Қой қырғалы барамын.
– Қарсақ, қайда барасың?
– Қаңғырғалы барамын.
– Түлкі, қайда барасың?
– Тауық іздеп барамын.
– Маймыл, қайда барасың?
– Сауық іздеп барамын.
– Аю, қайда барасың?
– Бал тапқалы барамын.
– Майлан, қайда барасың?
– Мал баққалы барамын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Қайсысы қайда барады? өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қайсысы қайда барады?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]