Өлең: Қалижан Бекқожин (Емес мәңгі ұмытылар)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Емес мәңгі ұмытылар)

Емес мәңгі жүрегімнен ұмытылар,
Мұнарланып елес қағар алдымнан.
Оломауцта есте қалған бір шың бар.
Досым менің есте соны қалдырған...
Ұмытамын сол бір шыңды қалайша,
Төбесінде тұрған еді көк мұнар.
Қаптай басқан тастың бетін көк арша
Тұманданған көк түтінмен тұншығар.
Жатыр еді қанмен ағып тас бұлақ,
Сырын шертіп өзгеше бір сыбырмен,
Құстар шырлап, ар жағында аң шулап,
Таудан шыққан тым үрейлі дүбірмен.
Сәулетте бар, сырлар да көп сол шыңда,
Соның бәрін бірақ мәңгі ұмыттым.
Сол шың үшін апат шеккен досыма
Жүрегімді тек мәңгілік ұйыттым.
Керек емес көк аршасы күйелі,
Керек емес суы қанға боялған.
Чехословакиядағы қаланың аты
Маған достың аруағы киелі,
Қан майданда шыңды басып ту алған.
Шың басына қызыл тулар қадалды,
Шың басында қалды жалғыз төбешік.
Бөбегі еді өз елінің аяулы,
Жат өлкеде бөленгені — құм бесік.
Жігіт еді бәріміздей көңілді,
Бірақ сол күн ол ашылды өзгеше.
Батырлығы шыңға шығып көрінді,
Қаза тапты, Отаны үшін қан кеше.
Емес мәңгі жүрегімнен ұмытылар,
Мұнарланып елес қағар алдымнан.
Оломауцта есте қалған бір шың бар,
Досым менің есте соны қалдырған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Емес мәңгі ұмытылар өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Емес мәңгі ұмытылар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]