Өлең: Фариза Оңғарсынова (Айналамда бозөкпе – кілең бала)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Айналамда бозөкпе – кілең бала)

Айналамда бозөкпе – кілең бала,
кілең бала ішінде жүрем дара.
Қыз-ақкөңіл, сол тектес күйеу бала,
ұл-келінде пәктік пен жігер ғана.
Ойламастан қалғанын маған күз кеп,
Өздерінше іс етер амал іздеп
бәрі маған жаудырап жалтақтайды,
бірдеңені бүлдіріп алармыз деп.
Ренжітіп өлеңді астан қалдым,
өкпелері қазандай дастандардың.
Жыр күткендер тағы бар жаутаңдаған,
осылардан жанымда тапсалған мұң.
Бастықтарға бұрыннан семген үміт,
(Алдарына бармаймын мен де емініп)
тағдырыммен ісі жоқ, ешбірінің –
мен бармын ба, кеттім бе жерге кіріп.
Білем, өлсем қамқорсып ас берерін,
Бейнемді ойып, атымды тасқа егерін.
Тірімде жайымды білмеген қоғамыңды
өлмей тұрып күрер ем тапсам ебін,
кетем сосын бетке алып мақшар елін
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Айналамда бозөкпе – кілең бала өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Айналамда бозөкпе – кілең бала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]