Өлең: Ақсаусақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақсаусақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Толықсыған жарқын жүз толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірә, мұндай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы, Ақсаусақтай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қабылдашы құрбының жазған хатын,
Әдейі арнап жолдаған аманатын.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Жалындаған жүректің жастық отын
Сөндірмеші, сүйінші махаббатын!

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақсаусақ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аксаусак казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақсаусақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]