Өлең: Алтынай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алтынай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алтынай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алтынай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алтынай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]