Өлең: Жұмағали Саин (Өмір қызық, тұрмыс шат)

Өлең: Жұмағали Саин (Өмір қызық, тұрмыс шат)

Мен балапан, анам менің,
Анам менің Октябрь,
Бүгін міне далам менің,
Ду мереке, ойын, жыр.

Сол думанның арасында,
Мен ұлымын салған ән.
Маған қызық бүгінгі өмір,
Маған қызық заманам.

Маған қымбат анамнан да
Ұлы Ленин деген ат.
Ойнақ салам панасында,
Тұрмыс гүлі, өмір шат.

Он бесінен туған айдай,
Толам күнде түрленем.
Көлде жүзген аққудайын,
Құлпырамын гүлденем.

Маған қымбат бар дүниеде,
Ұлы Ленин деген ат.
Мен баласы большевиктің,
Өмір қызық, тұрмыс шат.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Өмір қызық тұрмыс шат өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Өмір қызық тұрмыс шат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]