Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)

Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)

Кішкентай ғана құлыншақ
Уыз еміп қырда өскен.
Жылқы ішінде ойын сап,
Жұлдыздармен тілдескен.
Еріккеннен тістейсің
Анаңның қыл құйрығын.
Оқтын-оқтын кісінейсің
Көк дауыл тентек жүйрігім.
Айға қарап есінеп,
Таңдығыңды кересің.
Күнге қарап кісінеп,
Көңілге жел бересің.
Кейде желмен жарысып,
Атылып ойнақ саласың.
Тай, құнанмен қағысып,
Жерден топырақ қабасың.
Жеті айшылық жерді алар,
Тұяғы болат болар ма?
Аспандап ұшқан құсты алар
Ерге қанат болар ма?
Бота тірсек, бұйра жал,
Болдырмайтын кеңбісің?
Сымбатты сұлу кер марал
Ер мінер ат сенбісің?
Мен мінген ат белдеуде
Жорыққа дайын жарап тұр.
Қапыда жауға бермеуге
Шекесінен қарап тұр.
Менде де дайын оқтаулы
Тұр кабурда пистолет.
Шинель мен шлем сақтаулы
Қараймын кейде күлімдеп.
Ал, сен болсаң құлыным,
Ат боларсың арқырап.
Мінер совет ұлының
Маңдайы күнге жарқырап.
Лилия гүлдей ашылған
Құлыншағым таң асар.
Ер қаруы асынған
Тал бойында жарасар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Құлыншақ өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Құлыншақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]