Өлең: Жұмағали Саин (Биік шың)

Өлең: Жұмағали Саин (Биік шың)

Көкке бойлап тәкаппар
Жағада тұрды биік шың,
Ақпанда борап соқты қар,
Шілдеде қайнап төнді күн.

Сәуірде торлап көк тұман
Сәуледен бойын жасырды.
Сонда да тіп-тік қиядан
Мұнар боп көзге басылды.

Құтырған теңіз шу басып
Жарына соқты күндіз - түн,
Асау құз бұлтпен айқасып,
Айбатпен жанға қатпады үн.

Маңында гүлдеп бәйшешек,
Бас иді миуа ағашы.
Таласа өскен көкке өрлеп
Күн сүйді кербез шың басы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Биік шың өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Биік шың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]