Жеңіс күніне арнау

Жеңіс күніне арнау

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Тастыбастау шағын жинақталған бастауыш мектебінің
4 сынып оқушысы
Қабдулла Нұрали
Жетекшісі : Торгаева Назым Касимхановна


Ұлы Жеңіс жолында...


Дайындықсыз, қамсыз жатқан кез еді
Ескертусіз дүр сілкінтті даламды
Таң сәріде шырт ұйқының мезгілі
Есеңгіртті қалың елді, халықты.

Солды гүлдер, ойылды ағаш тамыры
Жасыл майса қара күлге айналды
Аға буын кетті майдан шебіне
Ана кірісті, қолдан келер бар іске.

Жанын беріп, алғашқы ұрыс күнінен
Кеңес халқы кескілесті фашистпен
Қиын-қыстау қасіретті бұл шақта
Батырларым шайқасты хас ерлікпен.

Елін, жерін қас дұшпаннан қорғаған,
Қос жұлдызы Шығысымның ер тұлға
Жас кеудесін оққа төсеп Мәншүк қыз,
Қайсарлықпен қаза тапты Әлия.

Бауыржан бар қаһарманы халқымның
Жауынгері даңқты Кеңес Одағының.
Талғат, Мәлік, апайым бар Доспанова
Қаза тапқан Ұлы Жеңіс жолында.

Атай берсем, бабаларым көп менің,
Жанын берген тынышына бүгіннің.
75 жыл өтсе дағы, рухына
Бас иемін, ұмытпаймын ешқашан.

Жаса, жаса, мәңгі Қазақстаным!
Гүлдене бер, шаттан, жайна, өсе бер!
Қалықтасын көк аспанда қыраным,
Аман болсын елім, жерім, ұланым!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
женис куни туралы, женис туралы такпак олен, жеңіс туралы өлең тақпақ, 9 мамыр туралы такпак олен, 9 мамыр туралы өлең тақпақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]