Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты)

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты.
Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты.
Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып,
Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты.

Қасыңда ол, тасың өрге домаласа.
Мәртебе, мереке — сен оған қоса.
Жүреді жинасып та жүген-ноқта,
Атыңды аржақтан кеп доғаласа.

Сүйектен ет алады соқта-соқта,
Әр айтқан «ағатайы» — алдау ноқта.
Көлеңкең болып жүрсе пайдаң барда,
Қарасын көрсетпейді ол пайдаң жоқта.

Аң-таңсың: бар ма, жоқ па намыс, ары?!
Әр күні әр етекке жабысады.
Бірде өзі бас жарғызған басбұзармен
Ал ертең ауыз жалап табысады.

Бұл күні ол басқа достың жүр соңында
Еркі емес пе, тарынып ұрсамын ба?!
Алайда зәресі жоқ қалай сақтап
Портфелін сатып алған бір соғымға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]