Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Әлди, әлди, ақ бөпе)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Әлди, әлди, ақ бөпе)

Әлди, әлди, ақ бөпе,
Ақ бесікке жат бөпе.
Әжелерің мерейін
Тасыт, көңлін тап, бөпе.
Ақ құндағың тұйықта,
Үйрен сағат санап,
Анаң қолын ұйытпа.

Ақ тілекті жамиға
Ағытса тілек ари ма?!
Аман өскін бал бөбек
Ақ нәресте Зарина.
Құтты болсын бесігің,
Құтты болсын есігің.
Балбыратып бойыңды,
Балдай батсын несібің.

Әлди, әлди, ақ қызым,
Жанға шырақ жақ қызым.
Құйма құлақ боп өсіп
Сырға, моншақ тақ қызым.
Шаң жуытпа бойыңа,
Қанат бітір ойыңа.
Сау-саламат ер жетіп,
Шақырып жүр тойыңа.

Әлди, әлди, сәбиім,
Кеп те қапты әниің,
Көк көзіңе сәп салып,
Әниіңді таниын.
Ойын-күлкі өрті бол,
Гүлшираға ән-күй бол,
Домбырада шертілер
От басының көркі бол.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әлди туралы өлеңдер, естеу нүсіпбеков Әлди әлди ақ бөпе өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]