Өлең: Тағыда сенсіз, тағы да өтті бір күнім...

Өлең: Тағыда сенсіз, тағы да өтті бір күнім...

Тағыда сенсіз, тағы да өтті бір күнім,
Сүйдімбе сені, сезімнен неге үркідім
Жылаған жүрек,сыздаған жанды жұбатар
Бойында сенің бар екен қандай сиқырын

Тағыда сенсіз тағы да өтті бір күнім
Салқыны басым,кіршіксіз таза күлкімнің
Кездеспей тұрып қоштасып кетіп жүрмейік
Жылатып мені кетпеші менің сүйкімдім.

Тағы да сенсіз, тағы да өтті бір күнім
Телефон шалса,сен екен деумен ұмтылдым
Күйгелек сезім күйдіріп жанды барады
Өкпелеп маған жүр ме екен менің қырсығым.

******

Мен сені жақсы көрем білесіңбе?
Мұрша бермей жүрсің ғой тілдесуге
Аппақ қар мен ақ нұрға айналайық
Болашақтың отырып кемесіне

Сүйем сені
Сүйемін сенесіңбе?
Ғашықтардай қалайық ел есінде
Алдамшы өмір арыма тұсау болды
Батылдығым жетерме кездесуге?

Жетер енді, жетеді жылағаным
Тағдырымнан көп бақыт сұрамадым
Бір арнада бір күні тоғысармыз
Сол күндерге асықпын шыда жаным.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күнім, сенсіз, Тағыда, жанды, сенің, менің, кіршіксіз, басым, сиқырын, қандай, Салқыны, Бойында, сезімнен, сыздаған, жүрек, Жылаған, үркідім, Сүйдімбе, жұбатар, арыма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]