Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] + видео)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] + видео)

Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Дархан Дүйсенов - Қазақ осы


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ осы текст, кадыр мырза али қазақ осы текст, қазақ осы өлеңі, қазақ осы өлеңінің сөзі, қадыр мырза әли Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру Қазақ осы өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы, қазақ осы текст скачать бесплатно, қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру сөздері, қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі, қадыр мырзалиев қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]